• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 01 Наурыз, 2022

Қазынаны байытқан компаниялар

271 рет
көрсетілді

Былтыр еліміздегі ең ірі 50 салық төлеуші қазынаға 5,9 трлн теңге аударған. Бұл – 2020 жылдың деңгейімен салыстырғанда 34 пайызға жоғары.

 

Пандемия өндіріс пен биз­нестің сипатын өзгерткені анық. Соның салдарынан кейбір қызметтерге деген сұ­раныс төмендеді. Енді біріне деген сұраныс мүлдем жо­йылды. Қысқасы, бизнестің бұл­ғақтауы ұлттық һәм әлемдік экономикаға кері әсерін тигізді. Әсіресе, шағын және орта бизнес көп зардап шекті. Сон­дықтан Үкімет былтыр эко­номикалық өсуді қалпына кел­тіру үшін шағын және орта бизнесті қолдау шараларын жалғастырды. Мәселен, былтыр олар жыл соңына дейін мүлік салығын төлеуден босатылды. Мұның пайдасы көзге көрінбей қойған жоқ. Айталық, 2020 жылы локдаун кезінде жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 12,2 мың­ға қысқарса, 2021 жылдың қо­­ры­тындысы бойынша 74,3 мың­ға көбейген. Қазір елімізде 1,4 млн-нан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді.

Өткен жылы мемлекет қазы­насы салықтар есебінен 10,7 трлн теңгеге толыққан. Аталған көрсеткіш 2020 жыл­мен салыс­тырғанда 2,2 трлн теңгеге, ал 2019 жылмен са­лыстырғанда 1,5 трлн тең­геге өскен. Яғни рес­публика салық төлемдері бойынша дағдарысқа дейінгі кезеңге оралды. Бұл – экономика бір­тіндеп қалпына келе бастады деген сөз.

Былтыр түскен салықтың жартысынан көбі, яғни 54,9 пайызы ірі 50 салық төлеушіге тиесілі. Олар мемлекет қазы­насын 5,9 трлн теңгеге ба­йыт­қан. Көрсеткіш – 2020 жыл­ғы дең­гейден 2 трлн теңгеге ар­тық.

Салық төлемдері бойынша әдеттегідей мұнай-газ сек­торының компаниялары көш бастап тұр. Мұндағы негізгі үштікке «Теңізшевройл», «Қарашығанақ Петролиум Опе­рейтинг Б.В.» және «Маң­ғыстаумұнайгаз» компания­лары жатады. Мысалы, «Те­ңіз­шевройл» былтыр бюджетке 1,7 трлн теңге төлеген. Бұл 2020 жылғы деңгейден 41 пайызға жоғары. Айтпақшы, «Теңізшевройл» – салықтық төлемі триллионмен өлшенетін жалғыз компания.

Ірі 50 салық төлеушінің ішіндегі негізгі салықты шикі мұнай мен ілеспе газ өндіретін кәсіпорындар қамтамасыз еткен. 50 орынның 19-ын иеленіп, қазынаға 4 трлн теңге аударған. Мұнай-газ секторынан бөлек, рейтингке металлургия, темекі, тау-кен өндіру және мұнай өңдеу салаларының, логистика, телекоммуникация, банк, сусын өндіру саласының компаниялары кірген.

Қазақстандағы ең ірі 10 салық төлеуші компания

Компания атауы

Қызмет түрі

Салық көлемі

2020

2021

«Теңізшевройл» ЖШС

мұнай-газ

999,2 млрд теңге

1,7 трлн теңге

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.»

мұнай-газ

427 млрд теңге

758 млрд теңге

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

мұнай-газ

150 млрд теңге

296,7 млрд теңге

«Өзенмұнайгаз» АҚ

мұнай-газ

99,7 млрд теңге

188,8 млрд теңге

«Қазцинк» ЖШС

металлургия

149,8 млрд теңге

168,5 млрд теңге

«Қазақмыс» корпорациясы

металлургия

65,5 млрд теңге

155,2 млрд теңге

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ

металлургия

59,3 млрд теңге

146,8 млрд теңге

«Қаражанбасмұнай» АҚ

мұнай-газ

46,2 млрд теңге

139,2 млрд теңге

«Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС

темекі

111,7 млрд теңге

138,3 млрд теңге

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ

мұнай-газ

99,7 млрд теңге

121,9 млрд теңге