• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Пікір 03 Наурыз, 2022

Мемлекет тағдырын шешетін бетбұрыс

431 рет
көрсетілді

Қаңтар қасіретіне қарамастан Президент Қ.Тоқаев өзінің сай­лауалды бағдарламасында айтылған экономикалық және саяси реформаларды одан әрі жалғастырып келеді. Мемлекет басшысы сын сағаты кезінде дұрыс шешім қабылдай алатын, жауапкершіліктен қашпайтын ірі саяси тұлға екенін танытты.

Президент енді қоғам да, адам да бұрынғыдай өмір сүре алмайтынын бағамдады. Сондықтан да Қазақстанды жаңғырту жолын таңдады. Бұл не? Қандай бағыт? Бұл туралы соңғы жылдары экономикада саяси реформа тұрғысында жасалған алғашқы қадамдарды айтсақ та жеткілікті. Ауыл әкімдерінің сайлауы өтті, сая­си партиялардың рөлін көтеруге бағытталған заңнамалық қадам­дар да жасалды. Енді аудан әкімдері сайланатын болады. Көлеңкелі экономикамен күрес, коррупция­­ны құрықтау, әділ қоғам құру мақ­саты да қойылды. Міне, осы жолда Мемлекет басшысы жаңа бағыт, жаңа жол таңдады.

Ішкі және сыртқы экстремис­тік, террористік, лаңкестік әрекет­тер­дің себебінен Қазақстанның бұрын­ғыдай өмір сүре алмайтыны белгілі. Қазіргі қалыптасқан жағдайға қарай, партия Төрағасы Nur Otan партиясының кезектен тыс съезін шақырды.

Президент Жаңа Қазақстан – жаңа қоғам тұжырымдамасын ұсынды.

Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі онлайн форматта өтті. Оған республикамыз­дың барлық өңірінен 399 делегат қатысты. Күн тәртібінде екі мәсе­ле қойылды. Пар­т­ия сая­си кеңесінің құра­мына өзгеріс ен­гізілді. Партия­ны модернизация­лау мәселесі қаралды. Мемлекет басшысы партия өзінің тарихи миссиясын орындағанын атап өтті. Енді партияның аты Amanat деп өзгертілді. Бұл сөздің астары мен мазмұны терең. Аманат – халық сенімі, қоғам тірегі, жауап­­кершілік пен әділеттілік кепілі. Енді партияның аты ғана өзгеріп қоймай, оның жұмыс істеу тәсіл­дері де жаңғырады. Партия мен халық­тың бірлігі жақындайды. Ол қоғам­дық өзгерістердің, бола­шақта жүр­гізілетін барлық жүйе­лік өзгеріс­тердің басында тұратын жаңа партия болмақ. «...Заман, қоғам, адам өзгеріп жатқанда пар­тияның өзгеруі заңдылық. ...Саяси ұйымның атауын Аманат деп өз­герту ұсынылды. Жасыратын еш­теңе жоқ. Мен де бұл мәселеге қатысты пікірталасқа қатыстым. Бір­неше ұсыныс болды. Соның ішін­де Аманат деген атауға тоқта­дық», деді Президент өз сөзінде.

Иә, енді ол ұлттық құндылық­тарды дамытуға негізделген партия болмақ.

Әрине, әлемді алаңдатып отыр­ған мәселе: Ресей-Украина қарым-қатынасы мен соғысы. Пар­тия съезінде Мемлекет басшысы бұл тақырыпты айналып өткен жоқ. «Біз екі мемлекетті келіссөз үсте­­лінде ортақ тіл табысуға, уағда­­лас­тық пен келісімге келуге шақы­рамыз. Басқа жол жоқ», деді Қ.Тоқаев.

Съезде көтерілген мәселелер­дің бірі мәслихаттардағы партия депутаттарының рейтингісін көпшілікке жария ету бағыты болды. Жаңа Қазақстан болашағы ұлт пен мемлекет тағдырын шешетін бетбұрыс болатыны съезде атап өтілді.

Еуропа мен Батыстың Ресей тарапына салып жатқан санкция­лары Қазақстанға әсер етпей қоймайды. Бұл мәселені Мемлекет басшысы партияның съезінде ашық айтты. Ол Қазақстан экономикасы санкция жағдайындағы қиындықтарға дайын болуы қа­жет деп ескертті. Дағдарыс жағ­дайына қарамастан Қазақстан қиын­дықтардан қиналмай өтуге тиіс екенін мәлімдеді. Осыған орай Үкіметке нақты тапсырмалар беріл­гендігін атап өтті.

Бірлік бар жерде тірлік болатыны белгілі. Президенттің ойын­ша, қиындықтарды азайтпай да, көбейтпей де бірлесе жұмыс істе­генде ғана оны жеңуге болады.

Әрине, ел мен жер мәселесі үлкен экономикалық, саяси және рухани өзгерістерді талап етеді. Ауылды көтеру, жастарды ауылға тұрақтандыру – прагматикалық саяси мәселе. Сондықтан да съезде ауыл жастарына арналған «Өрлеу» жаңа партиялық жобасы ұсынылды. Бұл – шынында да назар аударар­лық жаңа бағыт. Партияның жарғы­сы­на тиісті өзгертулер жасалады. Бұл – заман талабы. Сондай-ақ 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: 10 жылдықтың 10 мақсаты» және «2025 жылға дейінгі жемқорлық­қа қарсы іс-қимылдар» бағдар­ла­масы да жаңғырып, жаңа тұр­пат­та мо­дернизациядан өтетін болады. Жалпы, партияның бұл съезі халықтың күткен мәселелерін көтерді ғой деп ойлаймын.

 

Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ,

Сенат депутаты