Президенттер қазіргі геосаяси ахуалдың шиеленісуі жағдайындағы сауда-экономикалық байланыстардың жай-күйін егжей-тегжейлі талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Тараптар Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.
Мемлекет басшылары екі ел үкіметтерінің екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға, сондай-ақ жаңа сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған алдағы іс-қимылдары жөнінде уағдаласты.