• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Наурыз, 2022

Грузия премьер-министрі Еуропалық одаққа кіру туралы өтінімге қол қойды

316 рет
көрсетілді

Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили тікелей эфирде елдің Еуропалық одаққа кіруі туралы өтінімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Sputnik Грузия-ға сілтеме жасап.

Ел тұрғындарына арналған үндеуінде Гарибашвили Еуропалық одаққа кіру туралы өтінішке қол қойғанын мәлімдеді.

«Бүгін Грузия үшін тарихи күн. Ел атынан Еуроодаққа мүшелікке өтінімге қол қоямын», деді Үкімет басшысы, содан кейін құжатқа қол қойды.

«Грузин арманы» («Грузинская мечта») билік партиясы Үкіметпен кеңескеннен кейін 3 наурызда жеделдетілген режимде ЕО мүшелігіне өтініш беру туралы шешім қабылдады. Бұған дейін Грузия Үкіметі 2024 жылы ЕО мүшелігіне өтініш беруді жоспарлаған болатын.