• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Наурыз, 2022

Кәсіби менеджерлерге сұраныс жоғары

234 рет
көрсетілді

Жоғары кәсіби менеджерлерді, көшбасшы-басшылардың кадрлық резервін қалыптастыру және инклюзивті білім беруді дамыту – бүгінде педагог мамандарды даярлаудағы маңызды міндеттердің бірі. Осы орайда Білім және ғылым министрлігі педагогикалық білім беру саласындағы кадр тапшылығы, қалалық және ауылдық мектептер деңгейінің алшақтығы, педагогтердің мәртебесі мен олардың біліктілігін арттыру сияқты өзекті мәселелерге көңіл бөліп келеді.

 

Ы.Алтынсарин атындағы №159 гим­на­зия­да өткен кездесуде Парламент Мә­жі­­лісінің депутаты Жұлдыз Сүлей­менова, Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев, Abai University ректоры Дархан Біләлов және қалалық Білім басқармасының өкіл­де­рі қала мектептерінің директорлары са­па­­лы маман даярлау мәселесіндегі өзекті жайт­тарға назар аударды.

Президенттің еліміздің дамуына қа­тыс­ты тапсырмаларына тоқталған Ж.Сүлей­ме­нова педагог кадрлардың тап­шы­лығы, инклюзивті білім беру мәселе­ле­рі, мұ­ға­лім­дердің деңгейін көтеру, оқу­лық­тардың са­пасын арттыру, қала мен ауыл ара­сын­да­ғы білім саласындағы алшақ­тық­ты жою­ға байланысты кешенді шаралар таяу уа­қытта жүзеге асуы тиістігін алға тарт­ты. Сонымен қатар мектептер мен ба­ла­бақ­шалардағы тәрбие сапасы, білікті бас­шылардың заманауи тәрбиедегі рөліне қатысты басымдықтар айтылды.

Еліміздегі педагог кадрларды даяр­лау­­дағы көшбасшы оқу орнына арты­лар жа­уапкершілік жоғары. Осы орайда Abai University ректоры Дархан Біләлов мек­теп директорларының білім сапасын арт­ты­ру­дағы рөлінің жоғары екенін, сондай-ақ олардың басқару тетіктерін ғана емес, мектеп түлектерінің қоғаммен ықпалдастығы, тұлға болып қалыптасуы, өз қалауына орай мамандық таңдауы мен келешекте жұмысқа орналасуына да ықпал етуі тиіс еке­нін атап өтті.

Бұған қоса Д.Біләлов кадр тапшылығы, қалалық және ауылдық мектептердегі білім берудегі алшақтықты жою, педагогтердің мәртебесі мен олардың біліктілігін арттыру жобаларының, білім беру бағдарламаларын әзірлеуде қаперге алатын нақты мәселелерді атап өтті.

Бүгінде «Университет – мектеп» жобасында тараптар бірлесіп жұмыс істеуі шарт. Осы орайда негізгі үш бағыт бойын­ша жұмыстар жолға қойылған. Бұл ба­ғыттағы жұмыстарға жоғары кәсіби ме­неджерлердің, талантты көшбасшы бас­шы­лардың кадрлық резервін қалып­тас­ты­ру­, дуальды және инклюзивті білім бе­руді да­мыту қамтылады.

Кездесу барысында депутат Ж.Сүлей­ме­нова айтылған мәселелерді бақылауға алуға уәде етті. Еліміздегі мектептерді бі­лік­ті кадрлармен қамтамасыз етуде педа­го­гикалық мамандықтар бойынша оқи­тын студенттерге терең білім беру және кә­сіби дағдыларды қалыптастыру – жиі қоз­ғалатын мәселе. Осы орайда әлемнің көптеген университетінде қолданылып жүрген, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру және жоғары кәсіби мұғалімдерді даяр­лауды жақсарту бойынша басқа да жо­ба­лардың маңыздылығы айтылды.

 

АЛМАТЫ