Халықаралық Паралимпиада комитетінің (ХПК) шешімі бойынша бүгін Бейжіңде (Қытай) жалауы желбірейтін 2022 жылғы Паралимпия ойындарына Ресей мен Беларусьтің параспортшылары қатыспайтын болды.
ХПК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта жарысқа қатысушы көптеген елдің ұлттық комитеттері, командалары мен спортшылары Ресей мен Беларусь құрамасымен жарысудан бас тартқан делінген. Сонымен қатар олимпиадалық қалашықта да атмосфера бұзылған. Осы жайттың барлығын назарға алған ХПК Ресей мен Беларусь спортшыларын жарыстан шеттетуді жөн санаған.
Бейжіңдегі Паралимпиада 4 және 13 наурыз аралығында өтеді.