Бұл күндері Норвегияның Хамар қаласында конькимен жүгіруден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Спортшылар көпсайыс бойынша жүлделерді сарапқа салады.
Жарыстың алғашқы күнінде мұзайдынға қазақстандық Дмитрий Морозов пен Надежда Морозова шықты. 500 метр қашықтықта бақ сынаған Дмитрий 36,12 секунд нәтижемен іріктеуді бірінші болып аяқтады. Екінші орынды жапониялық Рику Цутия, үшінші орынды норвегиялық Олимпиада чемпионы Педер Конгшауг иеленді.
Дәл осы қашықтыққа жарысуда оның зайыбы Надежда Морозова да үздіктер қатарынан көрінді. Ол 500 метрді 38,590 секундта жүріп өтті. Бірінші және екінші орынды жапониялық Михо Такаги мен Аяно Сато өзара бөлісті.