• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Бокс 10 Наурыз, 2022

Бес отандасымыз финалда айқасады

457 рет
көрсетілді

Иорданияның Амман қаласында бокс­тан жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі жалғасуда. Жартылай финал жекпе-жектерінің қорытындысы бойынша бес қазақстандық боксшы қыз финалға жолдама алды.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметі бойынша, 50 килода жұдырықтасатын отан­дасымыз Карина Тоқыбай, Ұлдана Тау­бай (60 кило), Нұрсұлу Сүйенәлі (63 кило), Аружан Жанғабаева (66 кило) және Құ­ралай Егінбайқызы (80 кило) жартылай финал кездесулерінде жеңіске жетіп, сары құрлық біріншілігінің финалына жолдама алды.

Өкінішке қарай, жартылай финалда Диана Елеусіз (46 кило) өзбекстандық Жасми Тохировадан, Гауһар Зарден (48 кило), Шахназ Тайыржанова (52 кило), Айша Сариева (54 кило) үндістандық спорт­шыларға есе жіберді. 57 килодағы жер­лесіміз Анар Сәлімбай иорданиялық Ая Сувиндехттен, ауыр салмақтағы Аружан Зей­ноллаева өзбек қызы Собирахан Шахо­бидиновадан жеңіліп қалды.

Осылайша, бес боксшы қызымыз Азия чем­пионатының финалында жұды­рықтасады.