• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Наурыз, 2022

Темекі өнімдеріне 2Д сканерді қолданбауға болады

468 рет
көрсетілді

Енді темекі өнімдерінің бөлшек саудасы кезінде сатушылар 2Д сканерді қолданбаса да болады. Бірақ бұл жағдайда сатушылар сатылған темекі өнімдері туралы ақпаратты электронды түрде жіберуі қажет, әйтпесе темекі өнімдерін автоматты түрде айналымнан шығарады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

2022 жылдың 20 наурызынан бастап Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларына енген өзгерістер күшіне енеді. Өз­ге­ріс­тер бағдарламалық-аппа­рат­тық ке­шендерді ерікті пайда­лану түрін­де бөлшек сауда сатушылары­на қо­йылатын талап­тарды оңай­ла­ту және темекі өнімдерін сәйкестендіру құ­рал­дарын сканерлеу және тану құралдарының (2Д сканер) болуын көздейді. Осыған дейінгі қағидалар Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі №927 бұйрығымен бекітілген болатын.

Сондай-ақ қабылдау/тапсыру актілерін растау мерзімі 1 күннен  күнтізбелік 5 күнге ұзар­тылды. Сонымен қатар бөл­шек сауда сатушыларына олар­ды темекі өнімдерінің айналы­мынан шығару кезінде келесі тәсіл­дердің бірін таңдау ұсынылды:

- сәйкестендіру құралдарын техникалық құралдармен сканерлеу және тану;

- Қағидалардың 8-қосым­шасына сәйкес нысан бойынша өткізу (сату) күнінен бастап күн­тіз­белік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде темекі өнімдерін айналымнан шығару туралы ақпаратты «Тауарларды таңбалау және қадағалау» ақпа­рат­тық жүйесінде ұсыну.

Бөлшек сауда сатушылары келіскен және «Тауарларды таң­балау және қадағалау» ақпа­раттық жүйесінде тауарларды айналымнан шығару туралы ақпарат болмаған жағдайда, жү­й­е­де автоматты түрде теме­кі өнім­дері айналымнан шығарылады.

«Таңбалануға жататын та­уарлар тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкі­метінің 2020 жылғы 10 қыр­күйектегі № 568 қаулысына сәйкес 2020 жылғы 1 қазаннан бастап темекі өнімдерін, 2021 жыл­ғы 1 сәуірден бастап стиктер, сигаралар, сигариллалар, кальян темекісі және т.б. темекі өнім­дерінің өзге де түрлері таң­балануға жатады.

Темекі өнімдерін сәйкес­тендіру құралдарымен таң­ба­лау өндірістен/импорт бастап түп­кілікті тұтынушылар­ға өткіз­генге дейін темекі өнім­дерін қада­ғалауға мүмкіндік береді. Осын­дай таңбалаудың нә­тиже­сінде тұтынушылардың сатып алынатын тауарлар туралы то­лық ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Қағаз акциз маркалары­ның алынып тасталуына байланыс­ты, 2022 жылы 1 қаңтар­дан бас­тап темекі өнімдері тек сәйкес­тендіру құрылғыларымен ғана таңбаланады.