• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Футбол 14 Наурыз, 2022

Мессидің әкесі баласының «Барселонаға» оралғанын қалайды

244 рет
көрсетілді

Франциялық «ПСЖ» футбол клубының шабуылшысы, «Алтын доп» сыйлығының жеті дүркін жеңімпазы Лионель Месси испаниялық «Барселона» футбол клубына оралуы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы спорт журналисі Адриан Гранье Жереро Ромеро келтірген дереккөздерге сілтеме жасап ақпарат таратты. Ол келтірген деректерге зер салсақ, футболшының әкесі каталониялық команданың басшыларымен байланысқа шығып та үлгерген. Қысқасы, Лео Мессидің «Барселонаға» оралғанын әкесі қатты қалап отырғанға ұқсайды.  

Футболшы 21 жыл бойы «Барселонаның» мектебінен өткен. Ол каталониялық командаға 13 жасында қосылған болатын. Ал франциялық команда сапына 2021 жылы ауысқан еді.