• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Сәуір, 2014

Достық дастарқаны

482 рет
көрсетілді

Биыл шығыс өңірінде жеті күн тойланған Ұлыстың ұлы күніне түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері де белсене қатысып, қазақстандық бауырмалдықтың жоғары үлгісін көрсетті. Мәселен, күн мен түн теңелген ұлық мерекеде облыстық Достық үйінің алаңында «Достық дастарқаны» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Атаулы іс-шараға өңірдегі он екі этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Музыкалық-поэзиялық қойы­лыммен ашылған мерекелік бағ­дарлама әр этномәдени орталықтың ұлттық тағамдары қойылған ақ дастарқанның жайылуымен және түрлі ұлт өкілдерінің бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтауымен ерекшеленді. Достық дастарқанында қазақтың қызыл бауырсағы мен құрт-ірімшігі, наурыз көжесінен бастап, орыс бәліші, украин наны, ұйғыр лағманы, корей салаты сынды ұлттық мақтанышқа айналған ас түрлері қойылды. «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» ұстанымын ту еткен мерекелік дастарқаннан дәм татқан өскемендіктер атаулы шараға белсенді түрде қатысып, әр ұлттың әнін айтып, биін биледі. Түрлі ұлттық ойындар ойналды. Сондай-ақ, әзербайжан ұлттық-мәдени орталығы да Достық үйінде Наурыз мейрамын ерекше атап өтті. Дәстүр бойынша сахнаға ұлттық киімдегі әзербайжан қызы жасыл бидай өскінін алып шықты. Ал «КВАНСОН» колледжі мен корей этномәдени бірлестігі Наурыз мерекесінде қазақ халқының салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына құрмет көрсетіп, қазақтың халық әндерін шырқады. Аталған шараға өңір басшыларымен бірге, Достық үйінің директоры Эльдар Төлеубеков, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Еркімбек Аязбаев қатысып, барша түркі халықтарына ортақ мерекемен құттықтады. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». ӨСКЕМЕН.