• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 14 Наурыз, 2022

Антикор: «Қазақтелеком» басшысынан куәгер ретінде жауап алынды

373 рет
көрсетілді

«Қазақтелеком» АҚ басшысы Қуанышбек Есекеевтен компаниядағы қаражат жымқыру ісі бойынша куәгер ретінде жауап алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ол (Қуанышбек Ескеев) компанияның басшысы. Алайда іс бойынша тергеліп жатқан жоқ. Қазіргі кезде одан куәгер ретінде жауап алынды»,- деді Олжас Бектенов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.