• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Технология 14 Наурыз, 2022

Роботтехника – жаңа заман талабы

1119 рет
көрсетілді

Роботтарды күнделікті өмірде, өндірісте пайдалану үшін қолданушылар роботты басқару біліміне, дағдыларына ие болу керек. Сол үшін робот техникасына қызығушылық, базалық білім және дағды қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі таңда мектептегі информатика пәні мұғалімдері оқушыларға роботтехниканы да үйретіп жүр. Роботтехникамен жұмыста инженерлік бағдарламалауды жасай алу, өз бетімен дербес бағдарламаларды құрастырып, оларды іске асыру назарға алынады.

Робот техникасы дегеніміз – зият­кер­лік авто­мат­тандырылған техни­калық жүйелерді әзірлеу және пайдаланумен айналысатын қолданбалы ғылым. Жалпы, бұл бағдарламаның өзектілігі білім беру жүйесінде жаратылыстану ғылыми бағытында оқу­шылармен жұмыс істеу және оқу­­шылардың ой-өрісін дамыта отырып, инженерлік ойлау негіздерінің ал­ғы­шарттарын қалыптастыру деп ойлаймын.

2030 жылға қарай адам санасымен тепе-тең нанороботтар шығарылады деген жаңалық бар. Бұдан жасанды интеллекттің болу мүмкіндігі жо­ға­ры екенін көріп отырмыз. Себебі ро­бот­тарға кез келген мәселені талдау және шешім қабылдау қабілеті қажет. Заман ағымынан қалып қоймай роботтехниканы өзіміз де үйреніп, сонымен бірге оқушыларымызға да үйретуге де кірісіп кеттік.

Ақмола облысы Целиноград ауда­ны Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімдері атынан оқу­шы­ла­ры­мызға роботтех­ни­ка­сы­ның базалық жиын­тығын сый­­ла­дық. Осындай жабдықтамалар кө­бе­йіп, оқу­шыларымыздың мүм­кін­діктері арта берсе нұр үстіне нұр бо­лар еді.

Мен «Робот техникасы» бо­йын­ша курсты 2019 жылы сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында оқыдым. 2020 жылы қазаннан бастап оқушыларға бей­не­роликтерді пайдаланып, тео­рия­ны үйрете бас­та­дым. Себебі роботтың өзі болмады. Оқу­шы­­лар бұл сабаққа ынталы болып, өздері ізденіп, интернеттен роботтың түр­ле­рімен, оның қолданылу салалары туралы мәліметтермен танысып, бір-бірімен бөлісіп отырды. Жоспардағы робот­тарды жасап үйренді. Оны құрастыру онша қиын емес, оның бағдарламасын жазып, құ­рас­ты­р­ған роботты қозғалысқа келтіру сәл қиын бо­ла­­ты­нын көріп білді. Топтағы оқушылардың бірі құ­растыратын робот түрін ойластырып, оған қан­дай ­бөлшектердің керек екенін анықтап келсе, басқалары сол бөлшектерді қолдануға ың­ғай­лы етіп басқа бөлшектерден айырып жинап бе­реді, енді біреулері үлгі бойынша құрастыруға кө­мек­те­седі.

Роботтехника бағытының даму болашағы зор. Роботтехника негіз­де­рін оқып-үйренуде бірқатар жалпы білім беретін пәндерден білімдерін пайдалану қажет. Роботтехника оқу­шы­лардың сын тұр­ғысынан ойлауын дамытуға және практикалық тап­сырмаларды шеше білуге ықпал етеді. Сонымен қатар бұл жастарды ғылым, тех­нология, математика арқылы жа­ңа­шылдыққа шабыттандыратын, бүгінгі күннің мәселелерін шешу үшін өз дағдыларын қолдануға, жағдайды талдауға, шығармашылықпен ойлауға мүмкіндік беретін өте тартымды білім ортасы.

Роботтехника сабағы физика, математика, ин­фор­матика пәндерінен алынған білімді қажет етеді. Бұған қоса тіл байлығы да керек. Себебі роботтан жа­­рысқа қатыс­қан оқушы өз жобасын қорғап, өз ойын ашық жеткізе білу керек.

Ро­бот техникасын оқыту балалар­дың қор­шаған ортамен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, шынайы өмір проблемаларымен шұғылдана алатын оқу ортасын қалыптастырады. Бұл орайда «Робот техникасы» элективті курсы балалар үшін құ­рас­тырушылық оқу тәжірибесін мең­герудің таптырмас құралы бола алады.

 

Рахатгүл БӨКЕЙ,

Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі,

техника ғылымдары магистрі

 

Ақмола облысы