• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Теннис 15 Наурыз, 2022

Олимпиада чемпионын жеңді

150 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан Masters тур­нирінің үшінші айналымына шық­ты.

Жүлде қоры 8,5 млн АҚШ долларынан асатын жарыстың 31-ракеткасы ретінде тіркелген А.Бублик доданы екінші айналымнан бастады. Жерлесіміз бұл кезеңде кезінде әлемдік рейтингте біраз уақыт көш бастаған, «Үлкен дулыға» турнирлерінің үш дүркін жеңімпазы (2012, 2013, 2016), екі мәрте Олимпиада чемпионы (2012, 2016) ұлыбританиялық Энди Марреймен шеберлік байқасты. Екі сағатқа жуық созылған тартыс­ты бәсекеде қазақстандық теннисші қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингте 88-орында тұрған атақты қарсыласын 7:6 (11:9), 6:3 есебімен тізе бүктірді. Александр матч барысында 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Э.Маррей 4 эйспен шек­телді.

Бұған дейін екі теннисші кортта екі мәрте кездесіп, екеуінде де Энди Маррейдің мерейі үстем болған еді. Ал үшінші матчта отандасымыз мықтылық танытты. Буб­лик үшінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы болгариялық Григор Димитровпен кездеседі.