Ауғанстанның оңтүстік-шығысында орын алған жарылыстан «Талибан» қозғалысының 16 командирі қаза болды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.
Газни провинциясында өткен ауған мен пәкстан талибтері жетекшілерінің жиналысына қатысушылардың бірі денесіне жасырылған жарылғыш затты іске қосқан екен. Жарылыс салдарынан ауған мен пәкстан талибтерінің жетекшілері қаза болды.
Бұдан бұрын жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары ауған мен пәкстан экстремистерінің Ауғанстанда бірігіп терактілер ұйымдастыруға әрекеттенгенін хабарлаған болатын.
Соңғы тәулік ішінде Ауғанстан полициясы мен әскері елдегі бірқатар провинцияда 29 содырдың көзін жойды.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com.
Фото: EPA.