• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 16 Наурыз, 2022

Президент сайлау жүйесін жетілдіру мәселесін де айтты

1006 рет
көрсетілді

Саяси жаңғырудың басты мақсаты азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру. Президент бұл жұмысты сайлау үдерісі арқылы да жүзеге асырамыз деді халыққа жолдауында, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біз осыдан 15 жыл бұрын конституциялық реформа аясында мәжіліс депутаттарын пропорционалды тәсілмен сайлауға көштік.  Ал 2018 жылдан бастап мәслихат депутаттарын да осы үлгімен сайлайтын болдық. Бұл қадамдар  еліміздегі партиялық жүйені дамытуға тың серпін берді.

Алайда оның жағымсыз тұстары да байқалды. Партияда жоқ азаматтар мәжіліске ғана емес жергілікті өкілді органдарға да сайлана алмайтын болды. Мұны ашық мойындауымыз қажет. Соның салдарынан халықтың сайлау науқанына қызығушылығы күрт төмендеді», делінді Жолдауда.