Атыраулық полицейлер әбжілдік танытып, заңсыз сақталған қаруларды тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
«Бізге түскен ақпаратқа сәйкес, полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, 2 қару тапты. Енді ҚР Қылмыстық кодексінің 287 бабының 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек 1999 жылы дүниеге келген жігіт Жайық өзенінің жағасынан тауып алған пневматикалық тапаншаны полицияға тапсырды. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 287 бабының 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде», дейді облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.
Тәркіленген қаруларға қатысты ақпаратты түзету мекемесінде отырған 24 жастағы жігіт хабарлаған екен.