• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2014

Ақ үйге оқ атқан адам 25 жылға түрмеге қамалды

308 рет
көрсетілді

Вашингтон федералды соты 2011 жылдың қараша айында Ақ үйге оқ атқан Рамиро Ортега-Эрнандесті 25 жылға түрмеге қамау туралы үкім шығарды. Бұл туралы Utro.ru хабарлады. 23 жасар Р.Эрнандестің қорғаушылары қылмыс жасау кезінде оның терең күйзелісте болғанын алға тартып, соттың оған 10 жыл беруін өтінген еді. Алайда, сот қорғаушылардың өтініштерін қабылдамады. Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың қараша айында қаруланған Р.Эрнандес өз автокөлігімен Ақ үйдің жанына келіп, ғимаратқа оқ жаудырған. Куәгерлер шамамен сегіз рет оқ атылғанын айтты. Оқиғадан ешкім зардап шекпесе де, одан келген материалдық шығын 100 мың доллар құрайды. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Utro.ru. Фото: Gazeta.ru.