21 наурыз күні Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Ауа-райына байланысты өңірде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жететін жел тұрады» делінген облыстық ТЖД хабарламасында. Сондай-ақ облыстық ТЖД азаматтардан мүмкіндігінше автокөлікпен ұзақ сапарлардан аулақ болуды сұранды.