Елордадағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің, ҚХА қоғамдық институттарының және өңірлердің қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын түсіндіру мен іске асыру мәселелері талқыланды.
Кеңес жұмысына Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева, ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Мәжіліс депутаттары, уәкілетті органдар және БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, сондай-ақ ҚХА республикалық және өңірлік қоғамдық құрылымдардың басшылары қатысты.
Кездесуді Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы, Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырды.
Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары А.Балаева өз сөзінде Қазақстан үшін бұл Жолдаудың рөлі мен маңызы өте жоғары екенін атап өтті. Сонымен қатар Жолдауда айтылған міндеттер тәуелсіз еліміздің бүгінге дейін жеткен жетістіктерінің жиынтығына негізделгенін айтты.
«Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясына үлкен үміт артып отыр. Реформалардың кезекті пакетін сіздердің қолдауыңызбен ғана тұрақты әрі қауіпсіз іске асыруға болады. ҚХА жұмыс істейтін саланың күрделі екені баршаға аян. Бұл Ресей-Украина шиеленісінен туындаған геосаяси қиындықтар аясында айқын көрініп жатыр. Қазақстан әрқашан халықтар арасындағы бауырластықты қолдайды. Бұл – біздің ішкі саясатымыздың мызғымас тұғыры», деді А.Балаева.
Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Қазақстан халқы ықтимал сын-қатерлерге жария түрде қарсы тұруы керек екеніне екпін берді.
«Тәуелсіздігіміздің тарихында талай рет солай әрекет еткенбіз. Ең бір қиын жағдайларда Қазақстандағы этностар ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім үшін бір шепте тұрып күресе білді. Сонымен бірге ұлтаралық көріністі идеалдандырудың қажеті жоқ. Өткір мәселелерді анықтап, өз құзыретіміз шегінде алдын алу шараларын қабылдау керек. Бұл істе де архаикалық жұмыс тәсілінен, бюрократиялық бағыттардан, көпсөзділіктен арылу керек. Президент әр сөзінде тиімді әрекет ету басым бағыт болуы керегін айтып, қоғамға ашық болудың үлгісін көрсетіп жүр», деді Аида Балаева.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы жариялаған реформалар пакеті кезең кезеңімен жүзеге асырылып жатқанына тоқталды. Осы орайда қоғамдық кеңестер, ақпаратқа қолжетімділік туралы заңға түзетулер енгізілгенін атап өтті. Осы мәселелер мен заңнамалық түзетулердің бәрі қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты күшейтетінін жеткізді. Сондай-ақ ол Қазақстан халқы Ассамблеясының кадр резервін құру туралы ұсынысты қолдайтынын жеткізді.
«Біз ҚХА көшбасшылық мектебін құруымыз керек. Өзіміздің институттарымыздың миссияларын орындай отырып, әрі қарай жұмыс істейтін жас және жігерлі азаматтардың пулын қалыптастыруымыз қажет. Бізге Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды іріктеу рәсімін әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу керек. Заң тұрғысынан қалай болатынын зерделеуге болады. Президент қоғамдық кеңестер мен басқа да үкіметтік емес ұйымдардың Ұлттық құрылтайға кіретінін айтты. Бұл жерде ҚХА кеңестері мен институттарының Қазақстанның әрбір азаматының мүддесін қорғай отырып, Ұлттық құрылтай құрамында болуы да маңызды. Соның аясында жедел түрде үлгілік жоспарды әзірлейтін жұмыс топтарын құру керек. Ол жоспардың бүкіл тармақтары республикалық ауқымда іске асырылуға тиіс», деді Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.
Мәжіліс депутаты Наталья Деменьтева биылғы Жолдаудың тарихи маңыздылығына ерекше тоқтала отырып, Жолдауда берілген негізгі қағидаттарды жүзеге асыру үшін өз ұсыныстарын жеткізді.
«Алдымен, Жолдауда белгіленген негізгі қағидаттарды жүзеге асыру үшін Қазақстан халқы Ассамблеясынан кадрлық резерв даярлау керек, «Қоғамдық келісім» үйлерінің аумағында Жолдауды талқылау үшін бірыңғай күн жариялап, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудағы этностардың қосқан үлесі туралы барлық этномәдени бірлестіктерде жиналыс өткізген жөн. «Қоғамдық келісім» үйлерінің аумағындағы «Жаңа Қазақстанды құру ісіне қосқан үлесім» атты этно-мәдени бірлестіктерінің республикалық акциясының басталуын жариялауды қолдаймын. Халқымыз «Бірлігі бекем ел озады» деп бекер айтпаған. Баршаңызды Президентімізді қолдап, еліміздің игілігі жолындағы жауапты жұмысты бірге жасауға шақырамын», деді депутат.
Қоғам қайраткері Максим Рожин Президенттің бұл Жолдауы әрбір қазақстандыққа жаңа мүмкіндік ашатынына назар аударды.
«Алдағы кезең, соның ішінде ҚХА үшін үлкен мүмкіндіктер кезеңі. Ассамблея үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін мүмкіндіктер кезеңі басталып отыр. Бұл Жолдаудан алдағы уақытта Жаңа Қазақстан ұлттық мүддеге негізделетінін жақсы түсіндім. Әрқайсымыз Жаңа Қазақстанның бір-бір кірпішіміз. Оның дамып, гүлденуі өз қолымызда. Соңғы уақытта Ассамблея атына айтылып жатқан сын жеткілікті, осы ретте айтатыным ҚХА өзін көрсетіп, медиа форматында, QOGAM LIFE секілді жобаларды жандандыру керек», деді М.Рожин.
Сөз соңында А.Балаева Кеңестiң жеке мiндеті pетiнде Ұлттық құpылтайдың аyқымды әpi кешендi мәселелеpiн егжей-тегжейлi талқылап және оны сәyipде өтетiн Ассамблеяның кезектi сессиясының талқылаyына шығаpy қажеттiгiн айтып өттi.
ҚХА Кеңесiнiң мүшелеpi өз сөздеpiнде ҚХА-ның кадpлық pезеpвiн ұйымдастыpy; бipлiк саясатын ақпаpаттық iлгеpiлетy мәселелеpiн талқылаy үшiн тұpақты жұмыс iстейтiн алаң pетiнде «ҚХА-медиа» шығаpмашылық зеpтханасын және QOGAM LIFE платфоpмасын құpy; Достық үйлеpiнiң базасында этномәдени бipлестiктеpдiң Жолдаyға қосқан үлесi бойынша «Әpкiмнiң Жаңа Қазақстанды құpyға қосқан үлесi» атты pеспyбликалық акциясын iске асыpy тypалы ұсыныстаp бiлдipдi.
Сондай-ақ Кеңесте азаматтаpға өз iсiн ұйымдастыpyға қолдаy көpсетyге бағытталған «Биiк аpманға шағын қадам» акциясы басталды.
Кеңес жұмысының соңында Ассамблея мүшелеpi Жолдаyдың мiндеттеpi iске асыpылып, Жаңа Қазақстан тарихында жаңа жарқын парақтар ашатынына сенiм бiлдipдi.