Кәрім Қажымқанұлы МӘСІМОВ
1965 жылы туған. Пекин тілдер институтын, Ухань университетінің Заң институтын (ҚХР), Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, АҚШ-тың Колумбия университетінде тағылымдамадан өткен. Экономика ғылымдарының докторы. Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген. Еңбек министрлігінің бас экономисі, бөлім бастығы, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің Үрімші қаласындағы (ҚХР) өкілдігінің аға маманы, Қазақстанның Гонконгтағы сауда үйінің атқарушы директоры болып жұмыс істеді. Алматы сауда-қаржы банкінің басқарма төрағасы, Қазақстанның Халықтық жинақтаушы банкі басқарма төрағасының бірінші орынбасары, басқарма төрағасы лауазымдарында қызмет атқарды. Көлік және коммуникация министрі, Президенттің көмекшісі, Премьер-Министрдің орынбасары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, республика Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметтеріне тағайындалды. 2012 жылғы қыркүйектен бері – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.
•
03 Сәуір, 2014
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №779
249 рет
көрсетілді