• RUB:
    6.38
  • USD:
    523.2
  • EUR:
    594.3
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Наурыз, 2022

Түркістандық азаматтан травматикалық тапанша тәркіленді

359 рет
көрсетілді

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары кезінде қару алып жүрген тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелген.

Полицейлер жүргізген жедел жұмыстардың нәтижесінде күдіктіден қару және 3 оқ-дәріні тәркіленген.

Қаруға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Сараптама қорытындысы тапаншаның трамватикалық қару екенін анықтады.