• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Сәуір, 2014

Әділбек Жақсыбеков Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

391 рет
көрсетілді

 Мемлекет басшысының Жарлығымен Әділбек Жақсыбеков Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Bnews.kz  хабарлады. Ә. Жақсыбеков 1954 жылы 26 шілдеде Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бүрлі ауылында туған.1978 жылы Бүкілодақтық кинематография (Мәскеу қ.) мемлекеттік университетін тәмамдаған. Ал 1987 жылы Плеханов атындағы халық шаруашылығы институтында материалдық-техникалық жабдықтаудың ұйымдастырушысы мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен. Экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақ КСР Мемкино жүйесінде, материалдық-техникалық жабдықтау органдарында жұмыс істеп, кәсіпорындарға басшылық етті. 1988-95 жылдар аралығында көпсалалы «Цесна» корпорациясының басшысы болды.1995 жылы Парламент Сенатына сайланды. Одан әрі 1996 жылы Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 1997- 2003 жылдар аралығында  Астана қаласының әкімі қызметін атқарды. Сонымен бірге, 2003-2004 жылдары  Индустрия және сауда министрі болды. Ал 2004-2008 жылдар аралығында Президент Әкімшілігі басшысы және «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2008 жылы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ал 2009 жылы Қорғаныс министрі болды. Ә. Жақсыбеков Астана қаласындағы «Дөңгелек алаң» сәулет кешені үшін Қазақстан Республикасының 2008 жылғы мемлекеттік сыйлық иегері және бірнеше орден, медальдармен марапатталған. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: Bnews.kz. Фото: www. Primeminister.kz.