• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
03 Сәуір, 2014

Білім министрлігіндегі лауазымды тұлғаларға қарсы іс қозғалды

273 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тағы екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қаржы полициясының мәліметіне сілтеме жасаған «Қазақстан жаңалықтары» хабарлады. «Үстіміздегі жылдың 1-2 сәуір күндері 2012 жылы Қарағанды және Қызылорда қалаларында балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту шараларын жүргізуге бөлінген 17 млн. теңге сомасындағы бюджет қаражатын талан-таражға салу фактісі бойынша Білім және ғылым министрлігінің жауапты тұлғаларына қатысты тағы 2 қылмыс қозғалды», - делінген хабарламада. Астана қаласының қаржы полициясы департаменті Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау, Талдықорған, Шымкент қалаларында балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға бөлінген 59 млн. теңгені ұрлау фактісі бойынша Білім және ғылым министрлігінің жауапты тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда. Осылайша, аталған қылмыстар салдарынан Білім және ғылым министрлігіне келтірілген шығындардың жалпы көлемі шамамен 76 млн. теңгені құрап отыр. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда, нәтижелеріне қоғам назарына ұсынылатын болады. Құрыш Нұрымбет. Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары.