• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Теннис 04 Сәуір, 2022

Финалға шыға алмады

153 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Испанияның Марбелья қаласында өтіп жатқан халықаралық челленджер турнирінің финалына шыға алмады.

Аталған турнирде пәкістандық Айсам Курешимен жұп құрап өнер көрсеткен жерлесіміз жартылай финалда осы жарыстың төртінші нөмірлі теннисшілері Роман Жебавы (Чехия) мен Филипп Освальдтан екі сетте 4:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Алек­сандр Недовесов пен Айсам Куреши тур­нирдің бірінші ракеткасы ретінде тір­келген болатын.

Недовесов пен Куреши ширек финалда испаниялық Пабло Андухар және кезінде жекелей сында үш мәрте «Үлкен дулыға» жарысының жеңімпазы атанған швейцариялық Станислас Вавринкадан басым түскен болатын. Александр мен Айсам бірінші партияда қарсыластарын бет қаратпай ұтты – 6:1. Екінші сет тағдыры тай-брейкте шешіліп, қазақстандық-пәкістандық жұп жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:1).