Қазақстандықтар арасында танымал Kaspi.kz және Halyk Homebank мобильді қосымшаларына «Цифрлы құжаттар» қызметі енгізілді. Бұрын цифрлы құжаттарды тек eGov Mobile қосымшасы арқылы ғана пайдалануға болатын.
Енді Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларындағы мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінде азаматтар «Цифрлы құжаттар» сервисін көре алады. Жүйеге кіру кезінде пайдаланушы бір реттік пароль арқылы цифрлы құжаттарды қолдануға келісімін беруі керек, келісімсіз деректер сыртқы платформаларға жіберілмейді. Клиентті сәйкестендірудің бұл механизмі жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және үшінші тараптардың алаяқтығының алдын алады. Сұраныс орнында цифрлы құжатты ұсыну үшін QR кодты немесе қысқа алты таңбалы кодты пайдалану қажет.
«Цифрлы құжаттар» азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие және құжаттардың түпнұсқасын өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. Барлығы смартфонда. Қазірдің өзінде оларды 10 млн-ға жуық адам тұрақты түрде пайдаланады. Бұл сервисті одан әрі ыңғайлы ету үшін біз қызметті қазақстандықтар арасында танымал үшінші тарап платформаларына енгізіп жатырмыз. Бірақ бұл функция азаматтың келісімімен ғана қолжетімді болады», деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Цифрлы құжат – құжаттың түпнұсқасының баламасы. Қазіргі уақытта «Цифрлы құжаттар» сервисі 10 млн-ға жуық азамат белсенді пайдаланатын 18 құжаттан (жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакциналау паспорты, ПЦР тест және туу туралы куәлік және т.б.) тұрады.
Бүгінде цифрлы құжаттарды еліміздің барлық әуежайында, «ҚТЖ» АҚ теміржол вокзалдарында пойызға отырғызу кезінде, «Отбасы банк» АҚ бөлімшелерінде, Beeline ұялы байланыс операторында, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер мен нотариустардан қызмет алу кезінде пайдалануға болады.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Kaspi.kz және «Халық банкі» АҚ интеграциясы арқасында цифрлы құжаттар сыртқы платформаларда қолжетімді болды.