• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Сәуір, 2022

Қоғамдық келісімді нығайту міндеттеледі

399 рет
көрсетілді

Орталық коммуникация алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі мен қоғамдық құры­лымдарындағы жаңа өзгерістер туралы баяндалды.

Ақпарат және қоғамдық даму ми­нистрлігінің «Қоғамдық келісім» ұйымының директоры Ғалым­жан Құсманғали Қазақстан халқы Ассамблеясының қо­ғам­дық құры­лымдарының қызметі мен жаңа тәсілдері туралы мәлім­деді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының басты назарында Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында көрсетілген міндеттері тұр.

«Бұл орайда Жолдаудың міндеттері мемлекет пен қо­ғам­ның өзара іс-қимылын күшей­туді, жұмыс тәсілдерін жүйелі түрде жаңартуды, реформалар­ды іске асыруға қоғамдық құры­лымдар мен белсенді азаматтарды кеңінен тартуды талап етеді. Қоғамдық құрылымдардың зор әлеуетін жаңа Қазақстанның жа­ңа мүмкіндіктерінде тиімді іске асы­руға болады», деді Ғ.Құс­ман­ғали.

Қазақстан халқы Ассам­блея­сы жанында бес қоғамдық құрылым жұмыс істейді. Олар – Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі, Ассам­блея жастары және Журналистер клубы.

«Жаңа Қазақстан – бұл қоғам­дық құндылықтарды қайта жүктеу және қоғамдағы әлеумет­тік, сондай-ақ басқа да мәсе­лелерді еңсеру. Алға қойылған мін­деттерге сүйене отырып, біз Қазақ­стан халқы Ассамблея­сының барлық құрылымының қоғамдық келісімді нығайту және сақтау үшін үйлесімді жұмыс істеуіне сенім білдіреміз», деді Ғ.Құсманғали.

Сондай-ақ баспасөз мәслихаты барысында 29 сәуір күні өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясына қатысты кейбір мәселелер айтылды.