• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Сәуір, 2022

Қолжазбалар мен сирек кітаптар таныстырылды

624 рет
көрсетілді

Таяуда Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ашылған сирек кітаптар мен қолжазба еңбектер көрмесі өз жұмысын аяқтады.

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қол­дауымен өткен көрме аясында арнайы жасақталған экспозицияға 20-дан астам қолжаз­ба еңбектер мен құнды жәдігерлер қойылып, көпшілікке таныстыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп тұрды. Сондай-ақ жұртшылық қызыға тамашалаған аталған көрме сөре­леріне діни қызметкерлер жи­нақтаған қасиетті Құран кітабы­ның әртүрлі нұсқалары көрермен назарына ұсынылды.

Мұнда Әл-Фараби бабамыздан бастап 850-ге жуық ғұламаның өмірбаяны қамтылған «Уафият әл-Аян» сынды құнды еңбектер, Ислам дініне қатысты түрлі бас­па өнімдері, VII ғасырға тиесілі қасиетті Құран кітабының кө­шірмесі көрмеге келушілердің назарын аударды.

Көрме барысында Қолжазба және сирек кітаптар ұлттық ор­талығының ғылыми қыз­меткері Алмас Иманғалиев пен «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Әділхан Иманәліұлы күнделікті келушілерге көрме жұмыстарын таныстырып, сирек еңбектер бойын­ша мағлұмат беріп отырды.