Қапшағай әкімі аппаратының есепшоты қарызға байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қала әкімі өткен жылдың жазында өзінің орынбасарын заңсыз жұмыстан шығарған. Сот шенеунікті бұрынғы орнына қайтаруға және оған жалақы төлеуге шешім қабылдады. Алайда, бір ай бойы әкім Фемиданың шешімін елемеді.
Сағадат Нұрғалиев азаматтық-құқықтық кодексті бұзғаны үшін Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Шенеунік бұл шешіммен келіспеді және сотқа жүгінді.
Оның адвокаты айтып өткендей, 2022 жылдың 28 ақпанында Қапшағай қалалық соты Нұрғазиевті қайта қызметке алу және оған үш айға жалақы беру туралы шешім қабылдады. Алайда, қала әкімі Нұрлан Құматаев бүгінгі күнге дейін міндеттемелерін орындамаған.