• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Сәуір, 2022

Түркістанда 100 жаңа аялдама орнатылады

897 рет
көрсетілді

Биыл Түркістанда орталық қала ішіндегі көшелерге 100 аялдама павильонын орнату жоспарлануда. деп хабарлайды Egemen.kz.

Сондай-ақ биыл қоғамдық көлік бағытында 30 жаңа автобус қосылады. Өткен жылы 40 жаңа автобус әкелінген. Бұл туралы бүгін брифингте Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков айтқан болатын.

Қала басшысы биыл Түркістан қаласында ұзындығы 46,4 шақырым болатын 40 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланғанын атап өтті.

«2021 жылы Түркістан қаласында ұзындығы 15,1 км 11 көшеге орташа жөндеу жүргізілді.Сонымен қатар, биыл ұзындығы 29,63 шақырым болатын 26 көшені жөндеу жоспарланған», деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.

«Сенімгерлік басқаруға беру жеке меншікке беруді білдірмейді. Ғимарат әкімдік пен жалға алушы арасындағы шарт негізінде белгілі бір уақытқа жалға беріледі. Жалға алушы объектінің негізгі мақсатын орындай отырып, ғимаратты күтіп ұстау бойынша жұмыстарды орындауға міндеттенеді. Сондай-ақ, Шартқа сәйкес ғимаратта түрлі ақылы қызметтер көрсетуге болады. Бұл ғимаратты жаңғыртуға және кәсіпкерлікті дамытуға серпін береді», деді қала әкімі.

 

Аяна Тоғанбек