• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 15 Сәуір, 2022

Халықаралық валюта қоры өзгерістерді оң бағалады

603 рет
көрсетілді

Халықаралық валюта қоры Қазақстанның қазіргі орнықты фискалдық жағдайы, сыртқы резервтерінің едәуір көлемі және пандемияға дер кезінде тойтарыс беруі сыртқы күйзелістерді абсорсиялауда және кейіннен экономикалық белсенділікті қалпына келтіруде маңызды рөл атқарды деп санайды. Осындай оң өзгерістер арқылы былтыр ІЖӨ нақты 4 пайызға көбейіп, экономиканың өсу траекториясы пандемияға дейінгі кезеңге оралды. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

Қазіргі геосаяси шиеленіс жағ­­­дайында Ресейге қатысты санк­циялардың қайталама әсері Қазақстанның экономикалық өсуіне әсер ететіні және 2022 жылы инфляциялық қысым­ды күшей­тері белгілі. Бұл жағ­дай жал­ғасып жатқан пандемия­мен және әлеуметтік шиеле­ніс­­тің көбеюімен қатар, елдің экономикалық дамуына қатысты негізгі белгісіздікті тудырады. Осылайша, ХВҚ 2022 жылы Қазақстанның ІЖӨ-сінің өсуі 2,3 пайызға дейін төмендейді деп болжайды. ХВҚ сарапшылары ұзақ мерзімді перспективада экономиканың тұрақты өсуі экономикалық әртарап­тан­дыруды және оның ішінде кли­мат­тың өзгеруіне байланысты қа­таң шараларды қажет етеді деп атап өтті.

ХВҚ-ның пікіріне қарағанда, сырт­­қы тұрақ­сыздық пен и­н­фля­­циялық­ қы­сымның ­­артуына байланысты Ұлттық банк ба­за­лық мөлшерлемені көтерді. Бұл қажет болған жағ­дай­да ақша-кредит саясатын одан әрі қатайту мүм­кіндігі тура­лы берілген сиг­нал болатын.

Инфляциялық қы­сым мен фискалдық ынталан­ды­руды ес­ке­ре отырып, ХВҚ Ұлттық банк­тің ақша-кредит сая­сатын орташа қатаң және негіз­делген деп бағалады. Ин­ф­ля­ция 2022 жылғы ақпанда, негізінен, азық-түлік бағасының өсуі есебінен 8,7 пайызға жетті. Бұл Ұлттық банк белгілеген 4-6 пайыз дәлі­зі­нен жоғары. Осы ретте ХВҚ болжамдарына сәйкес, 2022 жылы инфляция жоғары болады. Алайда орта мерзімді перспективада оның 4 пайыз деңгейіне дейін төмендеуі кү­тіледі.

ХВҚ Ұлттық банктің ин­фля­­­циялық таргеттеу саяса­ты­­­на қолдау білдіріп, инфля­ция­­­лық ­тар­гет­теудің ­то­­лық­­қанды режіміне көшу, транс­па­рент­ті­лікті жақсарту, ақша-кредит сая­сатының тәуелсіздігін және коммуникация тиімділігін арт­­тыру, сондай-ақ орталық банк­­тің тал­дамалық әлеуетін да­мы­ту жөніндегі жұмысты оң ба­ға­­­лаған. Атап айтқанда, ХВҚ ақша-несие саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясын атап өтті, оның негізгі міндеті – ин­фляцияны 2025 жылға қа­­рай төменірек диапазонға дейін апару. ХВҚ ақша-несие саясаты комитетін құру, база­лық мөлшерлеме бойынша шешімдерді ақпараттандыру және түсіндіру, валюталық опе­­рацияларды жариялау, сон­дай-ақ консультациялар мен тех­ни­калық көмек тарту аясында ХВҚ-мен тұрақты екіжақты диа­лог аталған оң өзгерістердің негіз­гі драйвері болып саналатынын жеткізді.

ХВҚ сарапшылары ақша-кредит және салық-бюд­жет сая­сатын үйлестіруді жақ­сар­ту ин­фля­цияны тежеуге де ықпал ете­ді деп санайды. Әсіресе тұты­ну­­шылық не­сие­нің ерекше қар­қынмен өсіп келе жатқанына назар аударған халықаралық сарап­шы­лар, қаржылық тұрақ­ты­лық­ты қамтамасыз ету үшін қаржы нарығын қадағалау мен реттеуді одан әрі күшейту керек дейді.