• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Коронавирус 15 Сәуір, 2022

Коронавирус жұқтырған екі мыңға жуық науқас ем қабылдап жатыр

155 рет
көрсетілді

15 сәуірдегі жағдай бойынша 1 907 адам коронавирустық инфекциядан ем алуды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz  Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Зертханалық расталған коронавирустық инфекциясы бар 910 қазақстандықтың, КВИ белгілері бар пневмония диагнозы 997 адамға  қойылды.

Стационарларда 169 пациент, амбулаториялық деңгейде 1 738 пациент бар.

КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: ауыр халде – 16 пациент, аса ауыр халде – 3 пациент, ӨЖЖ аппаратында – 4 пациент жатыр. 15 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Қазақстанның барлық өңірлері «жасыл» аймақта орналасқан.

Бұған дейін хабарланғандай, бір тәулік ішінде Қазақстанда КВИ-дің 12 жағдайы анықталды, 27 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті.

Аяна Тоғанбек