• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Сәуір, 2022

Анасына ауыр сөз айтқан ер адам 10 тәулікке қамалды

296 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері Павлодар облысының полициясына әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы 45 мыңға жуық хабарлама түскен, деп хабарлады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы бұзушылықтар – 2 500. Осындай 22 жанжал соңы қылмысқа барумен аяқталған.

– Биыл Павлодар облысының полиция қызметкерлері 1 960 қорғау нұсқамасын шығарды, сондай-ақ 305 азаматтың жүріс-тұрысына ерекше талаптар қойылды. Өңірдің 180 тұрғыны шығарылған қорғау нұсқамаларын бұзды, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Отбасылық жанжалдарды бұзу Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша қарастырылады. Мәселен, заңда денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салу не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу көзделген. Сондай-ақ біреудің денсаулығына жеңіл зиян келтірген адам 10 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалайды немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.

Мысалы, 8 сәуірде Павлодар тұрғыны үйде анасымен жанжалдасып қалған. Ер адам анасына ауыр сөздер айтып, оған физикалық зорлық-зомбылық жасауға дейін барамын деп қорқытқан. Бұрын ол осындай құқық бұзушылық жасаған. Сол үшін жауапқа тартылған. Бұл жолы учаскелік инспектор жанжалшыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сот оған 10 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза шығарды.