• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Сәуір, 2022

Кабулда бірнеше жарылыс болды

126 рет
көрсетілді

Сейсенбі күні Кабулдың батыс бөлігінде үш жарылыс болды. Жарылыстан қаза тапқандар бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желіде Кабул полиция департаментінің (Талибанның уақытша үкіметіне бағынысты) баспасөз хатшысы Халид Задран мәлімдеді.

Оның айтуынша, Абдул Рахим және Мумтаз атындағы лицейде оқитын шиит мұсылмандары лаңкестердің нысанасына айналған.

Оқиға куәгерлері қаза болғандар мен жараланғандар бар екенін айтады. 

Жарылыс болған аймаққа апаратын барлық көшелер жабылды. Шабуылды әлі ешбір топ өз мойнына алған жоқ.