• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2022

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген 8 көлік анықталды

249 рет
көрсетілді

Түркістан облысында жедел басқару орталығына қосылған бейнекамералар арқылы жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген 8 көлік анықталды. Сондай-ақ іздеуде жүрген 2 көлік табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бергі үш ай ішінде Түркістан қаласында орнатылған бейнебақылау камералары арқылы жалған мемлекеттік нөмір тағудың 8 дерегі мен мемлекеттік нөмірсіз жүрген көліктердің 15-і анықталған. Ал терезесін күңгірттеген 12 көлікке шара қолданылған.

Сондай-ақ іздеуде жүрген 2 жеңіл автокөлік табылды. Бүкіл құқық бұзушылық бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-ға сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Мәселен, 7 наурызда Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ол көлік жөндеу орнына «Merсedes-Benz-280» маркалы автокөлігін қалдырған. Алайда бірер күннен кейін келгенде көлігін рұқсатсыз айдап кеткендер жол көлік оқиғасын жасаған.

«Көлікті мас халде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен кінәлі деп танылып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал біреудің көлігін рұқсатсыз мініп кеткені бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», дейді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Түркістан облысында 10 дана бейнебақылау камерасы орнатылды. Оның бесеуі 20 сәуірден бастап іске қосылды.