• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Таным 26 Сәуір, 2022

Пайғамбардың хаты

773 рет
көрсетілді

Мұсылман баласына тура жолды нұсқаушы, екі дүниенің сардары, Алланың адам баласына жіберген соңғы пайғамбары Мұхаммедке қатысты бүгінге жеткен құнды жәдігер көп емес. Десек те, Алла елшісінің хижраның 6-шы жылы (628 жылы) Византия империясының патшасы Ирақлиге жазған хаты сақталған.

Бұл хаттың шынайы кө­шірмесі қазір Иордания король­дігінің астанасы Амман қаласындағы Ху­сейн ме­шітінің музейінде (https://www.dolgorukiy-dynastic.com) сақтаулы тұр. Бұл жә­дігерді алғаш рет қазақстан­дық қа­уымға таныстырып, көпшілікке көзайым болдырған араб тілі және фиһқ (шариғат заңы) ілімінің маманы Абдусамат Қасым мырза. Осы бауырымыздың тәпсірлеуі бойынша хатта: «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен. Алланың елшісі Мұхаммедтен, Римнің (Византия) ұлығы – Ирақлиға. Һидаятқа ілескендерге есендік болсын! Әлқисса: Мен сені Исламға шақырамын. Мұ­сылман бол, есендікте боласың. Алла Тағала саған екі есе сауап жазады. Ал бас тарт­саң, ариандықтардың кү­нә­сі се­нің мойныңда» деген сөз­­дер жа­зылған. Яғни бұл хатта пайғам­ба­рымыз византия­лық­тарды мұсыл­ман дінін қа­былдауға шақырған. Ал хатты алып барған сахабаның аты-жөні – Дыхие ибн Кәлби. Бұл жә­­дігердің тағы бір құндылығы – пайғам­бардың мөрі басылған.

Ислам тарихын зерттеуші­лер­дің пайымынша, мұндай хат тек визан­тия­лықтарға ғана емес, сол тұста ислам діні қанат жайған Хижаз өлке­сімен шекаралас жатқан парсыларға, мысырлықтарға, эфиопия­лық­тарға, иемендіктерге де жолданған екен. Сира кітап­тарында жазылғандай, Визан­тияға жіберілген сәлем-хат­ты жоғарыда аты аталған Ды­хие Кәлби алып барса, Ха­башстанға (Эфиопия) Әмір бин Умәйна, Мысырға Хатиб бин Әбу Бәлта, Йеменге Шужа бин Уәхб, Иранға Абдуллаһ бин Хузафа атты сахабалар жеткізгені жайлы мәлі­мет бар.

Аталған хаттардың жолдануына 628 жылы жасалған «Худайбия келісімі» себеп болғаны жайлы барлық ис­лам дереккөзінде айты­лады. Бұл келісім бойынша: Ме­дина қаласына қоныс аударған мұсылмандар мен Мек­ке қаласында тұрып қал­ған мүшріктер хижраның 6-шы жы­л­ынан бастап 10 жыл бойы со­ғыс-жанжалсыз бейбіт өмір сү­ру­ге уағдаласады. Сол себепті бұл оқиға ислам тарихында «Бей­біт­шілік келісім» деген де атқа ие.

Мұхаммед пайғамбар өзінің негізі дұшпаны мек­келіктермен «Худай­бия ке­лісімі» арқылы бейбітшілік шартына қол жеткізгеннен кейін, келесі қа­дамында көрші мемлекеттерді ислам дініне шақыруды қолға алады. Алла елшісінің бұл ісі зор нәтиже бер­гені соншалық, Хабашстан әміршісі Нәжаши хат жеткізген адамды тағынан түсіп үлкен құрметпен қарсы алса, Мысыр билеушісі қолбасшыларын, мем­лекет адамдарын жинап ақылдасып, болашақта бой­ұсыну ниеті бар екенін білдіріп, Алла елшісіне сыйлық ретінде екі күң жібереді.Түркістан облысы