• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 27 Сәуір, 2022

Кеңірдекті тарылтқан кесел

482 рет
көрсетілді

Соңғы кезде көкірек тұсы кеселге шалдыққандарға «кеңір­дек сте­нозы» диагнозы жиі қо­йы­­ла бастаған көрінеді. Бұл туралы алматылық хирург Мұхтар Нысан­бай: «Мұндай жағ­­дайлар жиі кездесетін болды. Бұл дерттен, әсіресе жа­сан­­ды тыныс алу аппараты ар­­­қылы ұзақ уақыт дем алған және кеңірдегіне тілік жасал­ған адамдар зардап шегеді. Олар демікпедегі сияқты тұн­шы­ғып, ауа жетпей қина­лады, қақырық түсуі қиын­дай­ды», дейді.

Алматыдағы №1 қалалық клини­ка­лық ауруханасының торакальды хирургия орталығы көкірек қуы­сы­на операция жасауға жақсы ма­шық­танған. Соның бірі – кеңір­дек­­ке жасалатын манипуляциялар. Қызмет тегін медициналық көмек және сақтандыру пакеті арқылы көр­се­тіледі.

Торакальды хирургтер кеңірдек стенозы диагнозы қойылған 56 жас­тағы пациентке осындай операция жасады. Ол биылғы ақпан айында ковид жұқтырып, пневмонияның ауыр түрімен ауырған екен.

Хирург Мұхтар Нысанбайдың айтуынша, пациент ұзақ уақыт бойы жансақтау бөлімінде, кейін ин­тен­сивті терапия бөлімінде жат­қан. «Өкпені жасанды желдету аппаратымен ұзақ уақыт бойы дем ал­ғандықтан кеңірдегіне трахеостомия жасалған. Ауруханадан шық­қан­нан кейін араға бір ай салып дем жетпей алқынып, тыныстағанда кеу­деде ысқырық пайда болған. Компьютерлік томография мен бронхоскопия нәтижесінде, кеңірдектің төменгі бөлігінің тарылғаны анық­та­лып, циркулярлы стеноз деген диагноз қойылды», дейді дәрігер.

Кеңірдек стенозы немесе кеңір­дек­тің тарылуы ұзақ уақыт жасанды тыныс алу аппаратымен дем алған, трахеостомия жасалған, мо­йын жарақатын алған, кеңірдегі мен жұтқыншағы күйген, кеңірдек жолында ісік пайда болған пациенттерде кездеседі. Бұл дерт ауаның өкпеге түсуін қиындатады.

Торакальды хирургтер эндоско­пиялық электроэксцизия деп ата­ла­­тын операция жасады. Қазір па­циент­тің жағдайы жақсы. Тыныс алуы жақсарған.

Торакальды хирургия орталы­ғын­дағы УДЗ, фиброэндоскоп, КТ, МРТ сынды заманауи қондырғылар операцияны асқан дәлдікпен жүр­гізуге мүмкіндік береді. Шалғай елді мекендердің тұрғындары электрон­ды хат немесе телефон арқылы алдын ала сырттай консультация ала алады. Сонымен қатар мұнда көш­пе­лі қабылдау және операция жасау мүм­кіндігі де қарастырылған.