• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Мамыр, 2022

Семейде 11 жасар бала Ертіс өзеніне батып кете жаздады

509 рет
көрсетілді

Семейде 11 жасар бала Ертіс өзеніне батып кете жаздады. Оны өзінің сыныптасы құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

1 мамыр күні Әуезов аудандық полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, Шағала ауданы маңында көз алдында кішкентай баланың суға кеткенін хабарлаған. Оқиға орнына бірінші болып жеткен патруль полициясы батальоны Ертіс өзеніне батып кете жаздаған 11 жасар оқушыны дереу жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Кейін анықталғандай, баланы оның сыныптасы, №11 орта мектептің 7-сынып оқушысы Руслан Нұрғалиұлы Омаров құтқарып қалған. Ол досына алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

«Жүзу білмесеңіз және негізгі қауіпсіздік ережелерінен бейхабар болсаңыз, суға түспегеніңіз абзал. Ата-аналар кәмелетке толмаған баласын көзден таса етпегені дұрыс», деп ескертеді полиция.