• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Мамыр, 2022

Түркістанда түркі халықтарының «Достық фестивалі» өтті

413 рет
көрсетілді

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде түркі халықтарының «Достық фестивалі» өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, «Ассамблея жастары» РҚБ облыстық өкілдігі мен қаланың белсенді жастары, ХҚТУ студенттері қатысқан мәдени іс-шараның ашылуында құттықтау сөз сөйлеген ХҚТУ ректоры Жанар Темірбекова түркі жұртының басын қосқан игі шараның мән-маңызына тоқталды. Ал ректор өкілі Женгиз Томар елімізде өмір сүріп жатқан барша этностардың тілі мен мәдениетінің сақталуына мүмкіндік жасалғанын айта келіп, барша қазақстандықтарға береке-бірлік тіледі.

Сондай-ақ фестиваль шеңберінде түркі халықтарының арнайы мерекелік концерті ұсынылды. Өнерпаз жастар түркі халқының бірлігі, достық, отансүйгіштік тақырыптарында ән шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Университет түркітілдес мемлекеттер мен қауымдастық жастарына бір шаңырақ астында сапалы білім беру және инновациялық оқыту мен ғылыми зерттеулерде көшбасшы болуларында септігін тигізіп келе жатқанын айта кетелік.