• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 11 Мамыр, 2022

AMANAT партиясының қатары толықты

842 рет
көрсетілді

Бүгін AMANAT-тың Орталық аппаратында партияға салтанатты қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, басқа да түрлі сала өкілдері және белсенді жастар AMANAT қатарын толықтырды.

Салтанатты рәсімді ашқан AMANAT-тың Атқарушы хатшысы Асхат Оралов партия – бұл ең алдымен ортақ құндылық аясында біріккен мүдделес азаматтардың ұйымы екенін атап өтті.

«Қазір партия трансформациялану кезеңінде. Бұл ретте AMANAT еліміздің басты саяси күші және Мемлекет басшысының қоғамдағы тірегі болып қала береді. Өздеріңізге мәлім, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды саяси реформалар пакетін  жариялап, еліміз өзгерістер жолына түсті. Маусым айында жалпыхалықтық референдум өтеді және оған әрбір партия мүшесінің, әрбір азаматтың қатысуы – біздің ортақ борышымыз»,  деп атап өтті Асхат Оралов.

Атқарушы хатшы AMANAT-тың трансформациялауға қатысты жобаларын сапалы іске асыруға партияның жаңа мүшелері өз үлесі мен тың идеясын қосады деген сенім білдірді.

Бүгін партия қатарына қосылғандардың арасында – тележурналист Мақсат Толықбай, «Talap» КЕАҚ президенті Олжас Ордабаев, «Әділет» республикалық қауымдастығының төрайымы Динара Құдайқұлова, «Қазақстан Халқына» Қоғамдық қоры басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева, «Қорған» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Нұргүл Байқазақова, «Комфортстрой» ЖШС бас директоры Бекзат Мырзахмет және тағы басқалар бар.

«Talap» КЕАҚ президенті Олжас Ордабаевтың пікірінше, бүгінде қоғам алдында үлкен сын-қатерлер тұр, оларды еңсеру үшін бірігу қажет. «Сондықтан  AMANAT партиясына қосылу – бәріміз үшін де айтулы оқиға. Біз партия мен елді одан әрі көркейту үшін бар күш-жігерімізді саламыз»,  деді Олжас Ордабаев.

Өз кезегінде, тележурналист Мақсат Толықбай азаматтардың проблемаларын шешу үшін AMANAT партиясының зор әлеуеті бар екенін атап өтті. «Маған түрлі мәселелермен жиі жүгінеді, журналист ретінде оларды қоғамға, мемлекеттік органдарға жеткізуге тырысамын. Енді партия қатарына қосылу арқылы менде оларды шешудің тағы бір құралы болады», деді ол.

«Біз барлық салада трансформация кезеңін бастан өткеріп жатырмыз және «AMANAT» партиясы осы істің алдыңғы шебінде тұр. Партия қатарына қосылу – бір жағынан жаңа мүмкіндіктерге жол ашса, екінші жағынан үлкен жауапкершілік жүктейді», деді саясаттанушы, журналист Саят Жөкен.

«Жастар Алауы» қорының төрайымы Диляра Бегалықызы партия қатарына қосылу – еліміздің дамуына өз үлесін қосу үшін тағы бір мүмкіндік беретінін атап өтті. «Жастар мемлекет пен қоғамның қозғаушы күші болуы тиіс. Дәл осы партия жастардың өмір сапасын арттырып, әлеуетін аша алатынына сенімдімін», деп өз ойымен бөлісті Диляра Бегалықызы.

Партия қатарына қабылдау AMANAT-тың барлық өңірдегі филиалдарында өтіп жатыр.