Түркістан облысының полицейлері кезекті рейд кезінде Арыс, Сарыағаш және Отырар аудандарының аумақтарында далалы жерлерде өсетін емдік қасиеті өте жоғары дәрілік кеурек шөбін заңсыз қазғандар ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Рейд барысында Отырар ауданында – 33 (Тәжікстан) және Арыс ауданында жүзден (Өзбекстан) астам заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдік анықталды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша жауапқа тартылып, 100-ден астам шетелдік әкімшілік қамауға алынды.
Сонымен қатар, кеурек шөбін қазуға заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартқан Қазақстан Республикасының екі азаматы анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабымен (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша хаттама түзілді.