• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2022

Серпінді іске сенеді

259 рет
көрсетілді

Референдумды қолдау республикалық қоғамдық штабының Павлодар облысы бойынша өкілдігінің мүшелері Ақсу ферроқорытпа зауытының жұмыскер­лерімен жүздесті.

– Кәсіпорын қалдықсыз өнім шығаруға арналған жаңа тех­нология бойынша жұ­мысын жалғастыруда. Өнімнің 90 па­йызы экспортталады. Серпінді жобаларды жүзеге асырып, өндіріс өнімділігін еселеген жұмыскерлер арасында Ре­ферендум өткізу мә­селесі қызу талқыға тү­сіп жатқаны анық. Нақты ше­шімді қабылдау – әркімнің өз қолында, – деді штаб жетек­шісі Серік Сәдуақасов.

Штаб мүшесі Нұргүл Қа­­йыр­денова референдум жа­­­сауда халықтың пікі­рі ма­ңызды екенін атап өтті. «Реформаны жасауда Прези­ден­тіміз халыққа зор сенім артып отыр. Іргелі істер тек қана халықтың шеші­мімен жүзеге асырылуға тиіс. Бұған елім, жерім деген аза­маттық ұстанымы бар жан­дардың бәрі атсалысуы қажет деп есеп­теймін», деді ол.

Зауыт басшылығы саяси ре­формадан қарапайым ха­лықтың тағдырына, еліміздің да­муына жаңаша серпін бере­­тін өзгерістер күтетінін жа­сыр­мады. Осылайша, ұжым қызметкерлері жалпы­ха­лық­тық референдумның өткі­зілуін қолдайтынын жеткізді.

Бұдан кейін штаб мүшелері «Қазақстан алюминийі» АҚ ұжымымен кездесті. Штаб мүшесі Серік Ілиясов Кон­ституцияға ұсынылған түзету­лердің қабылдануымен аза­маттардың құқықтары едәуір кеңейетінін, Мәжілістің, Сенат­тың депутаты болу және саяси партия құру оңай болатынын айтты.

 

Павлодар облысы