• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Теннис 17 Мамыр, 2022

Турнирдің ширек финалына шықты

163 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Анна Дани­лина Марокконың Рабат қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жұп­тық сынында ширек финалға жолдама алды.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, А.Данилина америкалық Ингрид Нилмен бірге бастапқы кездесуін марокколық Яс­мин Каббай мен ресейлік Екатерина Казио­новамен өткізді. Қазақстандық-амери­калық жұп екі сетке жалғасқан ойында қарсыластарынан 6:1, 6:2 есебімен басым түскен. Бір сағатқа созылған матчта олар 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. А.Данилина мен И.Нилдің ширек финал­дағы қарсыластары кейін анықталады.

Қазақстандық теннисші жекелей сында да бақ сынап көрген. Алайда іріктеу сайыстарының финалында ресейлік Ека­терина Рейнгольдқа 5:7, 1:6 есебімен жол беріп, негізгі турнирге өте алмады.

Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 41-ракеткасы Александр Бублик Женева ATP 250 жарысының алғашқы айналымында Польша өкілі Камил Майчрзактан жеңіліп қалды – 1:6, 7:6 (7:4), 3:6.