• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Футбол 17 Мамыр, 2022

«Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті

192 рет
көрсетілді

Футболдан ел чемпионатының кезекті тур ойынынан кейін Қостанайдың «Тобыл» клубының бас бапкері, қазақ­стандық маман Александр Мос­каленко қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Чемпионаттың 11-турында «Тобыл» сырт алаңда «Ақтөбемен» ойнап, 1:2 есе­бімен жеңіліп қалды. Қостанайлық ұжым екінші 45 минутта 10 футболшы болып ойнаған «Ақтөбені» жеңе алмаған соң, клуб басшылығы мен бас бапкер екіжақты келісім бойынша келісімшартты үзді.

А.Москаленко «Тобылды» өткен жыл­дың маусым айынан бері жаттықтырып келді. Өткен жылы қостанайлықтар 45 жастағы маманның басшылығымен ел чемпионы атанған болатын. Сондай-ақ биыл Қазақстан суперкубогын да жеңіп алған еді.