• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Мамыр, 2022

Ветеринарлық қызмет көрсету сапасын арттыру қажет - министр

460 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мал шаруашылығын білікті мамандармен қамтамасыз етуге назар аудару қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мал шаруашылығын білікті мамандармен, ең алдымен ветеринарлармен және зоотехниктермен кадрлық қамтамасыз етуге назар аудару қажет. Бұл жерде әңгіме жоғары білімі бар мамандар туралы ғана емес, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын колледждер даярлайтын орта буын мамандары туралы да болып отыр», деді министр.

Осы ретте Ербол Қарашөкеев «Дипломмен ауылға» бағдарламасын күшейту және кеңейту арқылы ауылдық жерлерде кадрларды бекіту мәселесін шешу, оның нормаларын орта буын мамандарына да тарату міндеті тұрғанын баса айтты.

«Ветеринария жүйесін реформалау есебінен мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсету сапасын да арттыру керек», деді ол.

Аяна Тоғанбек