• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Мамыр, 2022

Жарысты 29 жүлдемен қорытындылады

293 рет
көрсетілді

Бразилияның Кашиас-ду-Сул қала­сында екі аптаға жалғасқан XXIV Жазғы Сурдлимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Әр төрт жыл сайын ұйымдастырылатын биылғы додада қазақстандық спортшылар 4 алтын, 7 күміс, 18 қола медаль жеңіп алды.

Әлемнің 100 елінен 4 000-нан астам спортшы қатысқан жарыста жерлестеріміз жалпы саны 29 жүлде еншілеп, жалпыкомандалық есепте 13-орынға табан тіреді. Медаль көрсеткіші бойынша Украина спортшыларына тең келер қарсылас табылмады. Олар 138 (62 алтын, 38 күміс, 38 қола) медаль жиынтығын олжалап, турнир кестесінде топ жарды. Екінші орын алған АҚШ құра­масының қоржынында 55 (20, 11, 14) медаль бар болса, үшінші орындағы Иран спортшылары 40 (14, 12, 14) жүлде жеңіп алды.

Осыдан төрт жыл бұрын Самсунда (Түркия) өткен XXIII Сурдлимпиадада қазақстандық спортшылар 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 25-орынға тұрақтаған еді. Айта ке­тейік, сурдлимпиадалық спорт түрлерін қолдау мақсатында мемлекет тарапынан берілетін қаржылай сыйақы мөлшері Олим­пиада және Паралимпиадамен теңестірілген.