• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Теннис 18 Мамыр, 2022

Жеке рекордын жаңартты

169 рет
көрсетілді

Күні кеше ерлер (ATP) және әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) Фран­ция ашық чемпионатының алдында ойыншылардың рейтингін жаңартты.

Жуырда ғана Италия астанасы – Римде аяқталған мастерс турнирінің жартылай финалына дейін жеткен отандасымыз Андрей Голубев жаңартылған рейтингте жұптық сында 21-орынға көтерілді. Бұл – оның спорттық жолындағы ең үздік көрсеткіші. Александр Недовесов 60-сатыда қалса, Григорий Ломакин 244-орынға шықты. Қазақстанның жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик 41-орнында қалса, Михаил Кукушкин 165-сатыда тұр.

Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 17-ден 16-ға, Юлия Путинцева 40-тан 37-ге, Зарина Диас 134-тен 131-орынға көтерілді. Жұптық сында Анна Данилина 20-шы, Жібек Құламбаева 300-ші, Гөзал Айнитдинова 438-сатыға жайғасты.