• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Теннис 19 Мамыр, 2022

Ширек финалға шықты

237 рет
көрсетілді

Александр Недовесов Францияның Лион қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жұптық сынында ширек финалға шықты.

Қазақстандық теннисші пәкістандық Айсам-уль-Хак Курешимен бірге бастапқы кездесуін франциялық Юго Бланше мен Альбано Оливеттимен өткізді. Тартысты матч­та қазақстандық-пәкістандық жұп 7:6 (7:5), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. Недовесов пен Куреши жұбы жартылай финалға шығу үшін осы доданың 3-ракеткалары, бельгиялықтар Сандер Жилле – Йоран Флигенмен кездеседі.

Сондай-ақ дәл осы Франциядағы әйгілі «Ролан Гаррос» турнирінің іріктеу сайысына қатысып жатқан әлемнің 191-ракеткасы қазақстандық Тимофей Скатов алғашқы же­ңісіне қол жеткізді. Ол дүниежүзілік рейтингте 145-орында тұрған америкалық Митчелл Крюгермен кездесіп, екі сетте – 6:1, 6:0 есебімен қарсыласын бет қаратпай ұтты. Тимофей кеше аргентиналық Родригес Тавернамен финалдың жолдамасын сарапқа салып, екі сетте – 7:5, 6:1 есебімен жеңіліп қалды. Өкінішке қарай, Дмитрий Попко мен Зарина Диас та алғашқы айналымда қарсыластарына жол беріп, жарыс жолынан шығып қалды.