Жарнама қалқанының бағанына соғылып, 20 жастағы жолаушысы қайтыс болған «Toyota» автокөлігінің жүргізушісі де өте ауыр халде. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
«1993 жылғы жүргізуші жабық бас-ми жарақатын алған. Миы шайқалған. Бұғанасы мен жамбасы сынған. Жағдайы өте ауыр. Ол облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр», деп хабарлады ведомстводан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жол апатынан қатты жарақаттанған 20 жастағы қыз өте ауыр жағдайда ауруханаға түскен еді. Бірден облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Бірақ, оның өмірін аман алып қалу мүмкін болмады. Бүгін таңда көз жұмды.
Аяна Тоғанбек