• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Мамыр, 2022

Үндістанның Ассам штатында су тасқынынан 18 адам көз жұмды

272 рет
көрсетілді

Үндінің Ассам штатында 18 адам су тасқынынан қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Тағы 800 мыңнан астам тұрғын үйін тастап, көшуге мәжбүр болған. Аймақта қайық негізгі көлікке айналды. Бірнеше күн толассыз жауын салдарынан өзендер арнасынан асқан. Бұдан басқа штаттың 31 ауданында егіс алқаптарын су шайып кетті. Баспанасыз қалғандар уақытша орындарға орналастырылып жатыр. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшы.

Аяна Тоғанбек